1 қыркүйектен бастап шәкіртақы өседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі. Атап айтқанда, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға, ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға арттырылады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ortalyq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет: Ашық дереккөз

Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей:

– Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%,

– Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%,

– Техникалық және кәсіптік білім студенттерінің шәкіртақысы 50% арттырылды.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.

Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей:

– докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217 500 теңге;

– даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;

– магистранттарға – 97 024 теңге;

– интерндерге – 75 890 теңге;

– жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

– даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;

– техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;

– техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.

Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енеді.

Айта кетейік, сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.