Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап онлайн режимде халық санағы басталады

2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап онлайн режимде халық санағы басталады.

2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін ел тұрғындары санақ парақтарын орналасқан жеріне қарамастан өздері және отбасы мүшелері үшін онлайн режимінде sanaq.gov.kz мамандандырылған санақ сайтындағы виртуалды көмекшінің көмегімен толтыра алады. Жүйе тәулігіне 24 сағат қол жетімді болады, бұл респондентке санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы уақытты таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте сайтта бланкті толтыруды үзу және кейін жалғастыру мүмкіндігі іске асырылған.

Бұдан басқа, sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтқа сілтеме egov.kz Электрондық үкімет сайтының басты бетінде бар.

Халықтың дәстүрлі жаппай сауалнамасын ағымдағы жылдың 1-30 қазан аралығында өткізу жоспарланып отыр. Планшеттерде жауаптарды тіркей отырып мәліметтерді жинауды интервьюерлер жүзеге асырады. Интернет-сауалнамадан өткен респонденттер интервьюерлермен пікіртерімге жатпайды.

Интервьюерлер мен санақтың нұсқаушы-бақылаушылары ретінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың толық курсынан өткен адамдар тартылатын болады. Сондай-ақ, олар үшін жеке қорғаныс құралдары қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйектен бастап 30 қазанаралығында тәуліктік режимде стационарлық немесе ұялы телефоннан «1446» нөмірі бойынша тегін бірыңғай Call-орталыққа қоңырау шалу арқылы кез келген мәселелер бойынша кеңес алуға болады.
Санақ жүргізу кезінде санақ парақтары негізінде алынған барлық деректер құпия болып табылады және заңмен қорғалады.

Басқа материалдар

Back to top button