1-тамыздан Қарағанды облысының төрт қаласында жылдамдық өлшеудің жаңа құралдары іске қосылады
1-тамыздан Қарағанды, Теміртау, Саран және Шахтинск қалаларында жылдамдықты өлшейтін 24 құрал (скоростомер) орнатылады.
Қарағанды қаласы бойынша:
1. Луначарский көшесі, 23-шағынауданындағы автостанция аумағы;
2. Зелинский көшесі, Перзентханаға өтетін жаяу жүргіншілер жолының аумағы;
3. Методическая көшесі, «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ өтетін жаяу жүргіншілер жолының аумағы;
4. «Қарағанды-Нан» ЖШС өтпежолы (40 бағыт);
5. Майқұдық – «Қарағанды-Нан» ЖШС өтпежолы;
6. 1-бағыт, шіркеу аумағы, Үлкен Михайловка станциясының бұрылысы;
7. Жекібаев көшесі, 133/а үй аумағындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолы;
8. Восток-5 шағынауданындағы автожол, өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолы мен Ақтөбе көшесінен шығатын жер;
9. 15-магистраль, «Газпромнефть» ЖҚБ жаяу жүргіншілер жолының аумағы;
10. Майлин көшесі, 16 шағынауданындағы 47-үйге қарама-қарсы жаяу жүргіншілер жолының аумағы;
11. Востока 1,2,3 айналма жолы (Восток-1, 15/2 үй);
Теміртау қаласы бойынша:
1. Республика даңғылы, 6-үй (4а квартал):
2. Абай көшесі, 49-үй;
3. Республика даңғылы, 28-үй;
4. Республика даңғылы, 35-үй
5. Амангелді көшесі, 49А-үй, №10 орта мектеп;
6. Металлургтер даңғылы, 12-үй;
7. Металлургтер даңғылы, 13-үй;
8. Амангелді көшесі, 130-үй;
9. Абай көшесі, 35 үй;
Шахтинск қаласы бойынша:
1. Казахстанская көшесі – Бирюзовая көшесі;
2. Парковая көшесі – Спортивная көшесі.
Саран қаласы бойынша:
1. Чкалов көшесі, Шахан кентіне кіреберісте;
2. «Қарағанды-Саран-Шахтинск» автожолының 8-шақырымы.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz