Бас тақырыпЖаңалықтар

1-сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталады

Елімізде 27 мамырдан 31 тамызға дейін 1-сыныпқа құжаттар қабылдау жүреді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

– Биылдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі қайта қаралды. Бұған дейін өтініштер 1 сәуірден басталатын. Бірақ дәл осы кезеңде мектептерде оқу процесі жүріп жататындықтан, құжат қабылдауды жүйелі ұйымдастыру мүмкін болмаған кезеңдер туралы білеміз. Құжат тапсыру уақытының өзгеруі ата-аналар үшін де, мектеп ұжымдары үшін де қолайлы болады деп санаймыз, – деді министр.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button