Жаңалықтар

Белгілі сатирик Бекәділ Семқұл – 70 жаста

Өңірімізге белгілі сатирик Бекәділ Семқұл  күлкі күнінде 70 жасқа келді. Қаламгер мерейтойының қарсаңында назарларыңызға әзіл өлеңдерінің топтамасын ұсынамыз.

СӨЗ ТАУЫП КЕТТІ
(әзіл)

Молдекең
Төрде
Отырған
Бұрынғы мұрап
Еді.
Аруақтарға
Бағыштап
Құран
Оқуды
Үй иесі
Сұрап еді.
Соңындағы
Үй иесі берген
Садақаға
Пенде емеспін бе
Көңілім ауып кетті.
Қалжыңға аударып:
– Бір адам
Ала бергенше,
Садақаны,
Қасында отырғандарға
Анда-санда
Таратып берсе
Не болады екен,
Деп,
Тәбетім
Ақшаға
Шауып кетті.
Молдекең болса,
– Оның да жауабы
Бар,
Мен оқыған
Аруақтардың
Обал-сауабын
Өзіңе ал,
Қазір-ақ
Бере салам
Деп,
Мені қатырып,
Оның да
Жолын
Тауып кетті.
– Жо-жоқ
Қалжың сөз ғой
Деп
Ұялғаннан
Не дерімді білмей,
Бетім қызарып,
Үстімді
Тер
Жауып кетті.

КӨКИ

Көки,
Көки десе көки
Көкке қарап жүреді,
Бетінде
Бес батпан қып жағып алған
Жақпа-далап жүреді.
Бірдемені
Қарық қылмаса да,
Қараңғыны
Жарық қылмаса да,
Бір іске беріліп
Жанып тұрмаса да,
Көки көкиген қалпы,
Жүргені жалпы.
Қайырлы болсын арты.

                                                                                            Бекәділ СЕМҚҰЛ 

Басқа материалдар

Back to top button