Жаңалықтар

1-сұрыпты бидай ұны бір бағада сатылатын болады

Қарағанды облысында ұн өткізушінің іс-әрекетінде бәсекелестікке қарсы белгілер анықталды. Енді 1-сұрыпты бидай ұны бір бағада сатылатын болады.

Азық-түлік тауарларына баға белгілеуінің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің көтерме нарықтарға баса назар аудара отырып, жүргізген жұмысы шеңберінде, Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департаменті 2021 жылғы қаңтар-шілде кезеңіндегі 1-сұрыпты бидай ұнын өндіру және сату құнына талдау жүргізді.

Талдау барысында 1-сұрыпты бидай ұнын өндіру және көтерме сату бағаларының динамикасы қаралды.

«Эталон ЛТД» ЖШС 2021 жылғы қаңтар-маусым аралығында 1-сұрыпты бидай ұнын түрлі бағалар бойынша сатқаны анықталды.

Монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың анықталған белгілерінің, атап айтқанда, нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келісімдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлі бағаларды не әртүрлі шарттарды қолданудың негізінде Департамент «Эталон ЛТД» ЖШС атына бәсекелестікке қарсы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама енгізді.

Кәсіпорын бүгінгі күні  хабарлама орындады. «Эталон ЛТД» ЖШС бір брендтің 1-сұрыпты бидай ұнын, тиісінше, бірдей сапада сату кезінде бірдей бағаларды, бірдей шарттарды қолдануға міндеттенеді.

Басқа материалдар

Back to top button