Бас тақырыпЖаңалықтар
1 наурыздан бастап пойыз билеттері 7%-ға қымбаттайды
Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов көктемде билеттер қаншалықты қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, 1 наурыздан бастап баға көтеріледі.
– Жолаушылар тасымалы бойынша инфляцияны индекстеу аясында 1 наурыздан бастап бір реттік 7 пайыздық қымбаттау болады. Биыл бұдан басқа бағаның өсуі жоспарланбайды,- деді Нұржан Келбуғанов ОКҚ брифингінде.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.