Бас тақырып

1 маусымнан бастап магистратураға түсуге арналған тестілеуге тіркеу басталады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркеу басталады, деп хабарлайды Ortalyq.kz ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Сурет basnews.kz

Тіркелу ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2024 жылғы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

– Тіркелу кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (8 шілдеге дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 13 шілдеде қолжетімді болады, – делінген хабарламада.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button