Жаңалықтар
1,8 млн жалдамалы қызметкердің еңбекақысы өседі
Еңбек кодексі бойынша биыл әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін шамамен 1,8 млн жалдамалы қызметкердің еңбекақысы өседі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап президенттің тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждер педагогтарының, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы 25%-ға артады.
2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысын 30%-ға, яғни 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлерінің айлығын 20%-ға, 250 мың теңгеге дейін ұлғайту көзделген.
ҚР Қарулы күштері әскери қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 2023 жылы орта есеппен 60%-ға артады.