Жаңалықтар

1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемге кімдер ілігеді?

Биыл бала күтіміне байланысты төлемдер келесі жылдың қаңтарынан бастап 1,5 жасқа дейін төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

балалар

“Бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту заң қабылданғаннан кейін, 2023 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сол себепті бір жасқа толмаған барлық бала келесі жылға өтеді. Оларға төлем бір жарым жасқа дейін төленеді. Ал биыл бір жасқа толған балаларға бұл норманың қатысы жоқ”, – деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Президент 2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзаратынын мәлімдеген еді. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, балалардың ең маңызды кезеңінде ата-анасы жанында болуына мүмкіндік береді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button