АймақҚарқаралы

Елорда күніне – еңселі жобалар

Елорда күніне орай, Қарқаралы қаласы мен Қарағайлы кентінде бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев халықтың салауатты болуына ерекше мән беріп, спортпен айналысуға жаппай мүмкіндік жасау қажеттігін әр Жолдауында назардан тыс қалдырған емес. Осыған орай, Қарқаралы қаласында, денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Жалпы құны 643 млн. 648 мың теңге болатын спорт кешені заманауи стандарттарға сай жабдықталған.

Кешен жаттығу залдары және қажетті спорттық құралдармен қамтамасыз етілген.

Қарқаралы спорт мектебінің үлкен залы 5 млн. 500 мың теңгеге ағымдағы жөндеуден өтіп, жаңадан жабдықталып, теннис орталығы болып ашылды. Түрлі дәрежедегі спорттық сайыстарда жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген үстел теннисі секциясына қатысушылардың да қуанышы еселенді бұл күні. Олар ендігі жаттығуларын жаңадан ашылған теннис орталығында өткізеді.

Сонымен қатар, қазыналы өлке Қарағайлы кентінде де дәрігерлік амбулатория ашылды. Нысан құрылысының құны – 240 млн. 100 мың теңге. Амбулатория қажетті медициналық құрылғылармен жабдықталған. Онда қызметкерлердің жұмыс жасауына толық жағдай жасалған. Бір мезетте 100 науқасқа дейін қабылдай алады. Ал күндізгі стационар 25 адамға арналған.

Аталмыш әлеуметтік нысандар аудан халқының игілігіне мүлтіксіз қызмет жасайды деп сенеміз. 

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button