Коронавирустың жеңіл түрінде антибиотик – зиян
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
– Аурудың бастапқы және жеңіл кезеңінде үрейленуге болмайды. Егер температура 38 градус болса, әдеттегі ыстық түсіретін дәрілерді қабылдау керек. Бұған дейін ағза бактериялар мен вирустардың кез келген түрімен өзі күреседі. Иммунитет дамиды. Көптеген жағдайларда, әдеби деректерде көрсетілгендей, температура қатты көтерілмесе, суды көп ішу және тағы басқа әдістерді пайдалана отырып, ағзаның індетпен өздігінен күресуіне мүмкіндік беру керек, – деді министр.
Сондай-ақ, Алексей Цой антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қабылдау керектігін қадап айтты. Күшті антибиотиктерді бей-берекет пайдалану ағзаның және бактериялардың сезімталдылығын жояды. Ал, болашақта, аталмыш дәріге жүгіну қажет болған оның әсері болмай қалады.
Салтанат ІЛИЯШ.