Жаңалықтар

Тың жобалар топ жарды

ҚарМТУ-да орналасқан Ұлттық инженерлік академия филиалының өкілдері республикалық байқауда топ жарды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған байқауды академия бесінші рет өткізді. Бұл жолы 70 адам бақ сынады. Қорытындысында комиссия үздік бес жобаны таңдады. Бесеудің екеуі – Қарағандыдан.

Лауреат Виталий Куликов – ҚарМТУ «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісі. Ол қабықша іспеттес құю формаларын жасаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Бұл өнертабыс шығынды төмендетіп, еңбек қауіпсіздігін нығайтады.

Тағы бір лауреат, «Шұбаркөл Көмір» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Сергей Ким – көмір өңдеу бойынша бірнеше жобаның бастамашысы және жетекшісі. Жұмыстар қатарында коксталмайтын көмірден арнайы кокс өндіретін зауыт салу, таскөмірден белсендірілген көмір өндіру, кокс газымен жұмыс істейтін электр станциясын салу сынды жобалар бар.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button