Облыс әкіміРесми

Облыс әкімінде – жаңа орынбасар

Облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Жаңа лауазымда Нұрсұлтан ЖИЕНБАЕВ аймақтағы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және төтенше жағдай мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Нұрсұлтан Жиенбаев бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Нұрсұлтан Жиенбаев 1981 жылы дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Сколково Мәскеу басқару мектебін «Іскерлік басқару шебері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Массачусетс технологиялық институтының «Заттар интернеті: бизнес модельдері мен мүмкіндіктері» бағдарламасының және Саид бизнес-мектебінің «Блокчейн стратегиясы» бағдарламасының сертификатталған маманы.

Еңбек жолын «Қазақгаз» республикалық компаниясы» ААҚ клиринг департаментінің келісім-шарттар жөніндегі менеджері болып бастады.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттікте, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-да жұмыс істеді. Бизнес-құрылымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. «Kazakh Invest ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды. 2017 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту қазақстандық орталығының басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Еске сала кетейік, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалған еді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button