Облыс әкіміРесми

МАЙҚҰДЫҚ түрленіп келеді

Майқұдықта ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Магнитогорская көшесімен бірге аулалар мен үйлердің қасбеті ретке келтіріледі. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған «Литейщик» стадионын қайта жаңғыртуға қаражат бөлінді. Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК мұндағы нысандарды аралап, абаттандыру жұмыстарының сапасына назар аударды.

– Былтыр мен Геннадий Головкинге және қала белсенділеріне, атап айтқанда, Оксана Маргаскинаға «Литейщик» стадионын қалпына келтіріп, оның аумағында қауіпсіз орта ұйымдастыруға уәде бердім, – деді сапар барысында аймақ басшысы.

Жөндеу жұмыстары мамыр айында басталды. Мердігерлер нысанды қыркүйек айында тапсыруға уәде берген болатын. Бірақ, карантинге байланысты кідірістер болды. Қазанның ортасына дейін құрылысшылар Жеңіс Қасымбек көрсетіп өткен учаскелердегі кемшіліктерді жойып, жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отыр. Кестені бұзғаны үшін олар өтемақы ретінде көше тренажерлерін өз есебінен орнататын болады.

Қазір стадионда футбол алаңы, тартан төселген жүгіру жолдары, трибуна бар. Бұл балалар мен ересектерге арналған спорт орталығына айналуы тиіс.

Магнитогорская көшесінде айдың соңына дейін ұзындығы 4,7 шақырымдық учаскеге асфальт төселеді. Октябрь ауданының әкімі Мейрам Кожухов хабарлағандай, Майқұдықтағы 18 көпқабатты үйдің қасбетті толық жөндеуден өтті. Тағы төрт үйде жұмыс аяқталуда.

Жеңіс Қасымбек кешенді түрде абаттандырылған аулалардың бірін аралап көрді. 10 аулада осы санаттағы қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Олардың негізгі бөлігі аяқталған. Тағы 69 аулада стандартты жиынтық қарастырылған: асфальт, жарық, орындықтар мен қоқыс жәшіктері. Осыған дейін асфальтталған 105 аула үшін жарықтандыру мен орындықтар орнатуға қаражат бөлінді. Жалпы, Майқұдық бойынша 169 жаңа балалар алаңы пайда болады.

Жоспарланған барлық жерде асфальт төселген. Қарашаға дейін аулаларды абаттандыру толығымен аяқталады.

Жеңіс Қасымбек ақаулар мен кемшіліктердің болмауын, сондай­ақ құрылыс қоқыстарын уақытылы жинауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button