РуханиятТұлға

Кейде төбелесіп те аламыз…

Абайды оқу бар да, Абаймен кездесу бар. Көп адам Абайды оқыдық, білеміз деп ойлайды, алайда, Абаймен кездес­кен адам кемде-кем. Өте аз. Ал, мен ол шалмен күнде кездесемін. Күнде кездесеміз, күнде дауласамыз. Дауласпаған күніміз болған емес.

Кейде жанжалдасып, төбелесіп те аламыз. Рабиндранат Тагордың айт­қаны бар ғой: «Жаратқан Ие, мені асау кезімде құрметтеуші еді, ал аяғына жығылғанымда үстімнен аттап кете барды» («Всевышний, уважал меня, покуда бунтовать я мог, когда ж я пал к его ногам, он мною пренебрег») деп. Абай да осындай, құлша бас игенді, табынғанды жек көреді. «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» демей ме бір сөзінде.

Тізерлеп тұрмайынша бұлақтан су іше алмайтының сияқты, Абайдың алдында да бас ию керек. Бірақ, бас июдің, яки, тізерлеп тұрудың да жөні бар. Мынау Ресейдегі дворян заманында ақсүйектердің ақтас сарайларында дворецкий дегендер болған. Сол әулеттің бүкіл үй-жайын, шаруашылығын басқарып отырады. Батыс Еуропада олар әлі бар. Ағылшын, француздар оларды «мажордом» деп атайды. Олардың жүріс-тұрысы мен әдебі – биік мәдениеттің көрінісі. Сол мажордомның бас игенін көріп қайран қалдым. Осынша тәкаппар иілуге болады екен. Құлдар сияқты белінен екі бүктетіліп емес – желке тұсынан. Тәкаппар иілген басқа қарап тұрып, мажордомның абыройы мен беделі қожайыннан артық болмаса, кем емес екенін байқайсың. Міне, қазақтар да осылай иіліп үйрену керек

Асқар СҮЛЕЙМЕНОВ,

жазушы.

Басқа материалдар

Back to top button