Дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз көтерілуіне қатысты қарағандылықтар қайда шағым жасай алады?

Қарағанды облысында дәріханалардағы медициналық препараттар мен маскалардың бағасын негізсіз көтергені үшін 8-701-7-109-109 (мессенджер WhatsАpp) нөмірі бойынша хабарласып, шағым айтуға болады. Бұл байланыс нөміріне сондай-ақ дәрі-дәрмектер алыпсатарлығымен айналысатын тұлғалар туралы да хабарлауға болады.

Бұл мәселелер бойынша senim 109  қызметіне жүгінуге қойылатын басты талап — ақпарат шынайы болуы тиіс. Анықталған заңбұзушылықтардың фотосын немесе бейнесін қоса берген абзал.

Өңір тұрғындарының өтініштерін мобильдік топтар өңдейді. Сонан соң олар шағымдар бойынша оқиға орындарына шығады.

Сонымен қатар, 8-701-7-109-109 нөмірі бойынша келесідей жағдайда шағым айтып, хабарласуға болады:

— жұмыс беруші қолданылған немесе жыртылған маска/қолғаптар берсе, не болмаса денсаулық сақтау құқығын басқалай бұзатын болса;

— ЖРВИ белгілері бар, яғни Covid-19 індетін тасымалдауы мүмкін тұлғаға жұмысқа шығуына рұқсат берсе;

— қоғамдық орындарда, автобустарда, аялдамаларда антисанитарлық жағдайды байқасаңыз.

Егер сізде WhatsАpp болмаса, ереже бұзушылықтар жайлы 109 нөміріне,  Instagram senim 109 direct-ке немесе қызметтің Facebook-тегі парақшасына жазуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар медициналық препараттардың негізсіз көтерілген бағасына DariKZ мобильдік қосымшасында да шағым бере алады.⠀

Онда Қазақстанда тіркелген препараттардың шекті рұқсат етілген бағасы белгіленген.

Сонымен қатар, бұл қосымшада келесідей ақпараттар бар:

— препараттар түпнұсқа немесе дженерик болып табыла ма;

— баламалары бар ма;

— дәрі рецептсіз беріле ме және тағы басқа ақпараттар.

Darikz мобильді қосымшасын Google Play Market-тен жүктеуге болады.

Google play жүктеу үшін сілтеме — https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.dari.