Жаңалықтар

Мұғалімнің мәртебесі артады

Жаңа Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталды. Бұл орайда білім саласының қызметкерлеріне басты басымдық берілді. Президент атап өткендей, 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданады.

Мұғалімдер – ел ертеңі келешек ұл-қыздарға алғаш әріп танытып қоймай, дұрыс өмірге бастайтын жандар. Әрбір педагогтың білікті болуы – шәкіртінің жетістігінен белгілі. Бұл орайда, әрбір педагогке талап қоймас бұрын, тиісті жағдай жасалғаны жөн. Бұл туралы Елбасы халыққа Жолдауындағы төртінші басымдықта «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс», – деп атап өтті.

Ол заң мұғалімдерді және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін ынталандыратын барлық тетіктерді қарастырмақ. Оған қоса, жүктемені қысқартып, қызметтен тыс тексерістерден арылтады. Мұғалімдер сабаққа дайындалып, тиісті уақытында жұмыс істейтін болады.

Білімді ел – «Мәңгілік Ел». Ал, «Мәңгілік Ел» болу үшін – бәсекеге қабілетті, зияткер ұрпақты өсіруіміз қажет. Сондықтан, қазіргі білім саласының қызметкерлеріне артылар сенім зор.

Арна АШЫҚБАЕВА,

Ә.Бөкейхан атындағы №76 орта мектептің мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button