Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы коммуналды қызмет тұтынушыларына жылу үшін 167 миллионнан астам теңге қайтарады

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының талаптарына сәйкес сыртқы ауаның іс жүзіндегі температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша қызметтер құнын қайта есептеу қарастырылды.

2019-2020 жылдағы жылыту кезеңінің есебі бойынша жылу энергиясын өндіру, жіберу, бөлу және жабдықтау қызметтерінде келесі субъектілер бойынша қызметтер құнының «жылу жетіспеушігі» (ҚҚС қоса алғанда) жіберілген:

– «Окжетпес-Т» ЖШС – тұтынушыларға (халыққа) қайтарылатын сома ҚҚС қоса алғанда 142 919 790 теңге құрайды;

– «Жылумен-сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ – ҚҚС қоса алғанда 14 648 000 теңге;

– «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС – ҚҚС қоса алғанда 9 731 000 теңге.

Нәтижесінде жылу есептеу құрылғылары жоқ Қарағанды облысының тұтынушыларына табиғи монополия субъектілері жалпы сомасы ҚҚС қоса алғанда 167 298 790 теңгеге жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттелмелі қызметтер құнына қайта есептеу жасайды.

Басқа материалдар

Back to top button