КоронавирусРесми

Жеңіс Қасымбек дәрі-дәрмектердің алыпсатарлығы үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескертті

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймаққа дәрі-дәрмек жеткізу туралы айтып берді. Бөлшек дәріхана желілеріне жақын арада дәрі-дәрмектердің ірі партиялары жеткізілетін болады.

Қоймаларға ингавириннің 10 мың орамасы, азитромициннің 15 мың орамасы және цефтриаксон келіп түсті. Сондай-ақ, арпефлю жеткізіледі деп күтілуде. Жақын арада парацетамолдың 190 мың орамасы облыстың дәріханалық желісіне жөнелтіледі.

Маусым айының соңғы күндері дәріханалық желілерден ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктердің кейбір түрлерінің бір айлық қоры сатып алынды. Жеткізу тоқтатылған жоқ.

Аймақ басшысы дәрі-дәрмектерде алыпсатарлыққа жол берілмейтінін атап өтті. Пандемия кезінде қажылық пайдаға кенелу кейбір науқастардың өмірін арашалап қалуға кедергі болуы мүмкін.

 – Дәрі-дәрмектердіің бағасын өсіріп сататындардың барлығын қатаң жаза күтетінін ескерткім келеді. Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату – бұл адамгершілікке жатпайтын нәрсе. Біз дәріханаларда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуын анықтау бойынша мониторингтік топтар құрдық. Егер дәрі-дәрмектерді дәріханадан тыс сату фактілері анықталса, полицияға жүгіне аласыздар. Қазірдің өзінде ұсталғандар бар, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

 Өңір дәріханаларына дәрі-дәрмек жеткізу үнемі бақылауда.

Өнім қауіпсіздігіне қатысты. Қарағанды облысының азық-түлік қоймаларында және тұрақтандыру қорында 57 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры бар. Жеткізумен еш іркілістер жоқ.

Жақын арада картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, күріш, қарақұмық және өсімдік майының ірі партиялары келіп түседі.

Осы жылдың наурыз айында болғандай, оларға деген сұраныс үш есе артса да, қолда бар азық-түлік өңірдің барлық тұрғындарына жеткілікті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы бақылауда. Алаңдауға негіз жоқ.

Басқа материалдар

Back to top button