Жаңалықтар

Жүктілікке байланысты төлемдерді тағайындау үшін онлайн өтініш беруге болады

Электрондық үкімет порталында жүктілікке және босануға байланысты табыстан айрылу жағдайында әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінім беру мүмкіндігі жаңартылды.

– Көптеген өтініштер бойынша жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда онлайн режимінде әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беру мүмкіндігін қайта бастау туралы шешім қабылданды, – деп хабарлады “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметті алу үшін бірінші кезекте порталда авторлану қажет, содан кейін порталдың басты бетінде “Электрондық өтініштер” сервисін таңдап, қызметке тапсырыс беру қажет. Одан әрі ашылған терезеде “құру” батырмасын басу керек. Бұдан кейін “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы” бағанында “жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау” қызметін таңдап, қажетті жолдарды толтыру қажет. “Алушы” бағанында сіздің өңіріңіз бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕАҚ филиалын таңдау керек. Содан кейін өтінішті, жеке куәлікті, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын (парақтарын), банктік шот нөмірі туралы құжатты қосып, өтінімге ЭЦҚ-мен қол қою қажет.

Орындаушыдан жауап белгіленген мерзімде – 8-ден 30 жұмыс күніне дейін түседі.

Қызметті келесі сілтеме бойынша өтіп, алуға болады https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app.

Басқа материалдар

Back to top button