Ресми

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтаймын!

Бүгінгі мерекенің тек Қазақстанда ғана аталып өтуінің ерекше мәні бар. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің саясаты азаматтардың этносына қарамастан, Қазақстан халқының теңдігін нығайтуға бағытталған.

Мемлекеттік тіл саясатының қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңында айқындалған.

Тіл – халықтың әл-ауқаты, ол ұлттардың бірігуі мен ұйысуына ықпал етеді, білім беру құралы және адамдар арасындағы қатынастарды байланыстыратын тірек.

Тілдер күні – бұл шынымен де елдің барлық азаматтарының достығының, туысқандығы мен бірлігінің белгісі.

Тіл саясаты және оны елде жүзеге асыру әрқайсысының жалпы адамзат мәдениетіне және халықтар достығына байланысты. Бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қаланың этномәдени бірлестіктері де өз үлестерін қосуда. Бүгінде кез келген этностың өкілі, әр қазақстандық – Тәуелсіз Қазақстанның тең құқылы азаматы.

Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қарым-қатынас жасауға, білім алуға, шығармашылықпен айналысуға, өз тілін еркін таңдауға құқылы.

Біздің туған жеріміз Қарағанды қаласында мемлекеттік тілді, ана тілін үйренуге, сондай-ақ басқа халықтардың тілдерін үйренуге, сол арқылы ішкі дүниемізді байытып, интеллектуалды деңгейімізді көтеруге барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалған.

Сіздерді келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын! Мықты денсаулық, шығармашылық табыс, жұмыстарыңызға сәттілік, үйлеріңізге береке тілеймін!

Елімізде әрдайым Қазақстанның этникалық топтар арасындағы достық пен татулық мәңгі болып, біздер жас және гүлденген республикамыздың біртұтас халқы болайық!

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button