КоронавирусРесми

Коронавирусты емдеуде Фавипиравир препараты қолданылады

Дәріханалардағы бір айлық дәрі қоры небары бір сағатта сатылып кеткен. Бірақ, сатылған дәрі көлемі елімізде жіті респираторлық аурумен, пневмониямен ауырғандар санымен салыстырмалы түрде қарағанда әлдеқайда жоғары.

 Бұл жерде бірнеше фактор бар дейді  ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Біріншіден, тұрғындар дәрілерді көптеп сатып алуда. Бірақ, әр препараттың сақтау мерзімі де әр түрлі екенін ескеру керек. Екінші, дүрлігу салдарынан, адамдар өздігінен дәрі қабылдауда. Одан бөлек, әлеуметтік желіде түрлі мамандардың түрлі рецептері, ұсыныстары толып жүр.

Осы орайда министр коронавирус инфекциясын емдеуде халықаралық және қазақстандық сарапшылармен белгіленген хаттама бар екенін айтады. Инфекцияның нақты белгілері болмаса да абдыраған тұрғындар бір демде антибитиктердің 5-6 түрін бірден қабылдайды. «Кез-келген дәрінің кері әсері болатындықтан, оны дәрігер белгілеу керек» дейді Алексей Цой. Сондай-ақ, дәрігер денсаулыққа нұқсан келтірмеу үшін, науқастың созылмалы ауруларын да ескере отырып, ем тағайындайды.

Министр елімізде жақын арада коронавирус инфекциясын емдеу үшін шетелде қолданылатын Фавипиравир препараты да қолданыла бастайтынын айтты. Корнавирус әндетінің орташа және ауыр түрінде қолданылатын бұл дәрі елімізге жақында жетізілетін болады. Қажеттілікті қамтамасыз ету үшін отандық фармацевтика да аталмыш дәріні өндіруді қолға алатын болады.

Салтанат ІЛИЯШ.

 

Басқа материалдар

Back to top button