Ресми

Цефтриаксон препаратын алмастыруға болады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ Цефтриаксон препаратының аналогын атады. Ол сондай-ақ, тұрғындар дәріханалардан жаппай сатып алып жатқан бірқатар дәрілердің де атауларын көрсетті.

Мәселен, нарықта құрамында парацетамол бар Панадол, Ингрипп, Антифриппин, Тайлор, Комбигрипп, Максигриппин, Неофлю, Аскофен, Фервекс тәрізді дәрілерді атауға болады екен. Одан бөлек, Қазақстанда тіркелген, бірақ, атауы Парацетамол болмаса да, дәл  сондай қасиеттерге ие препараттар бар. Яғни, олардың барлығы ыстықты түсіре алады.

Ал, бактерияға қарсы препарттар туралы айтар болсақ, Алексей Цой Цефтриаксоннан бөлек, Цефаксон, Аксон, Белацеф, Севацеф, Сертицеф, ЦЕФ-триаксон, Ротацеф, Медаксон, Зибан, Цефасон, Рифин және тағы басқаларын пайдалануға болатынын айтады.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button