КоронавирусРесми

Бағаны негізсіз көтергендер жазадан құтылмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ індет кезінде тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеру фактілері бойынша қатаң шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатын. Премьер-министрдің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ дәріханаларда дәрі тапшылығы байқалатынын жоққа шығарған жоқ.

– Бүгінгі таңда дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады. Бұл бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, халық сұраныс жоғары. Екінші, жосықсыз бәсекелестік, яғни сатып алушылардың дәрі-дәрмектерді сатып алуы. Құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмектердің шекті бағаларын арттыруға жол бермеу жөнінде тапсырмалар берілді. Барлық анықталған фактілер бойынша жауапкершілікке тарту шаралары қабылданады, – деді Ералы Лұқпанұлы.

Президент тапсырмасы бойынша аталған жағдайларды анықтау барысында Шымкентте осындай құқық бұзушылық тіркелген. Дәрі-дәрмектерді сатып алу және қайта сату бойынша ұсталғандар Заңға сәйкес жазаланатын болады.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button