Жаңалықтар

Қарағанды облысында азық-түлік тауарларын жеткізуде іркілістер жоқ

Қарағанды облысының азық-түлік қоймаларында және тұрақтандыру қорында қажетті азық-түлік қорлары бар. Жеткізуге қатысты іркілістер жоқ.

Қазір Қарағанды облысында 671,8 тонна құс еті, 331 тонна пияз, 201 тонна қырыққабат бар.  Көтерме сауда өкілдерінде бакалеялық өнімдердің екі айлық қоры бар.

Жақын арада картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, күріш, қарақұмық және өсімдік майының ірі партиялары келіп түседі.

Осы жылдың наурыз айында болғандай, оларға деген сұраныс үш есе артқан күннің өзінде, қолда бар азық-түлік өңірдің барлық тұрғындарына жеткілікті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы бақылауда.

Естеріңізге сала кетейік, супермаркеттер мен басқа да қоғамдық орындарға барған кезде қашықтықты сақтау, бетперде киіп, қолды антисептиктермен өңдеу қажет. Супермаркетке кіру кезегі карантиндік шараларды сақтаумен байланысты.

Басқа материалдар

Back to top button