КоронавирусРесми

2,1 миллион қазақстандық 42 500 теңге алды

3 тамыздағы ақпарат бойынша биылғы жылдың шілдесінде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн. өтініш қабылданды.

 

Төлем 2 млн. 140 мың адамға тағайындалды. Тиісті қаражат 2,1 млн. қазақстандық азаматтың есеп-шоттарына аударылды деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button