Ресми

Көптен күткен сенбілік

Маусымның соңғы күні Қарағандыда сенбілік өтті. Көптен бері ұйымдастырылмаған бұл шараға 27 адам қатысты.

Сенбілікке облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қолдау білдірді. Тазалық акциясына Birgemiz taza alem республикалық қозғалысының аймақтық штабының еріктілері атсалысты.

Бұл жолы еріктілер Орталық саябақты және Каскад алаңындағы аумақты тазартты. Қоқыс бөлек жиналып, кейін қайта өңдеуге тапсырылды.

– Дәстүр бойынша біз қайта өңдеуге жолданатын пластик жинадық. Сондай-ақ, «Радость» қайырымдылық дүкеніне беретін бөтелкелердің қақпақтарын жинадық. Саябақта барлығы 38 қап қоқыс жиналды. Біздің міндетіміз – қоқыстарды жинау ғана емес, жинауға барынша көп адамдарды тарту, ластану ауқымын көрсету. Біздің ұранымыз – «Бұл менің қоқысым емес, бірақ, бұл менің планетам», – деді сенбілікті ұйымдастырушылардың бірі Дамир Кәрімов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button