Ресми

Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары!

Сіздерді еңселі Елордамыздың туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының стратегиялық көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған Елорда бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды, тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті.

Астана күні біз үшін шын мәнінде бүкілхалықтық мереке болып саналады. Қазақстандықтар еліміздің жаңа тарихының керемет символын, оның шексіз дала кеңістіктерінде салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде пайда болған заманауи қайталанбас сәулетін мақтан тұтады.

Біздің жас та көркем, қадамы нық қаламыздың жыл өткен сайын маңызы арта түсуде. Тарих үшін қас қағым сәт – 22 жыл ішінде Елордамыз мемлекеттік брендке, мәңгілік мемлекеттігіміздің, асқақ рухымыздың нышанына айналды!

Қазіргі Нұр-Сұлтан – саяси көшбасшылар, іскери серіктестер мен инвесторлар, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орны, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы.

Әрине, бұл Қазақстан халқының үлкен еңбегінің арқасында. Өйткені, әрбір азамат өз еңбегімен, талантымен, қуатымен Елорданың материалдық және зияткерлік әлеуетін нығайтуға, оның қарқынды дамуы мен өркендеуіне ықпал етуде. Қарағандылықтардың да бұл үдеріске белсенді қатысып, мемлекетіміздің Елордасы Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосып келеді.

Құрметті жерлестер!

Айтулы күнді жаңа жетістіктермен, тың күшпен, шалқар шабытпен қарсы ала отырып, баршаңызды осы қуанышты мереке күнімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілейміз!

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қаласы қалалық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button