Облыс әкіміРесми

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміздің жүрегі Нұр-Сұлтан қаласы барша қазақстандықтар үшін береке мен бірлігіміздің, Тәуелсіздігіміз бен жасампаздығымыздың символына айналды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бас қаласының негізін қалай отырып, оның бейнесіне терең саяси және рухани мән-мағына берді. Тәуелсіз еліміздің жаңа астанасының негізі салынған 6 шілде күні біздің төл тарихымыздың алтын беттеріне мәңгілікке жазылды.

Жыл сайын астананың келбеті өзгеріп, қала қарқынды өсіп, дамып келеді. Бүгінде Нұр-Сұлтан – әлемдегі ең әдемі астаналардың бірі. Астанамыздың осындай көз тартар тартымды кейіпке енуінде еліміздің барлық тұрғындарының еңбегі бар.

Еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы гүлденіп, Отанымыз көркейіп дами берсін! Мерекелеріңізбен, қадірлі қарағандылықтар!

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button