Жаңалықтар

Цифрлық сауаттылық – уақыт талабы

Адами капиталды, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бағытын дамыту мақсатында облыста халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі күнге дейін 30641 адам цифрлық сауаттылығын арттырды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, облыстағы цифрлық сауаттылық деңгейі 78,5%-ды құрады.

Ағымдағы жылы оқыту онлайн-платформада жүргізіледі. Қатысушылар базалық сандық дағдылар, ақпараттық қауіпсіздік дағдылары, электрондық сауда, онлайн қызметтердің POST.KZ гипермаркеті, ашық үкімет, электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер дағдылары бойынша білім алады.

Цифрлық сауаттылықты оқыту бейнебаяндарымен https://digitalkz.kz/kursy/ сілтемесі бойынша танысуға болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button