ЖаңалықтарКоронавирус

Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппаз Қарағанды облысының емханаларына көлік сатып алды

2020 жылдың 18 шілдесінде Qaz Carbon және YDD CORPORATION зауыттарының акционерлері Ерлан Нығматулин, оның Грузиядан келген серіктесі Давид Кемертелидзе, сондай-ақ Жармұхамед Аппаздың жасаған гуманитарлық көмегінен кейін іле-шала, жанашыр кәсіпкерлер кезекті қайырымдылық жасап, дәрігерлерді қолдап, емханалардың мобильді топтарының жұмысына 10 жеңіл машинаны тегін тапсырды.

Автомобильдер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған.

– Ең алдымен, біз адамдарға қамқорлық жасағымыз келеді, сонымен қатар вирусқа қарсы алдыңғы қатарда тұрған медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдеткіміз келеді. Бір кездері мемлекет бизнесмендерге өндірісті дамытуға және аяққа тұруға көмектесті. Қиын уақытта енді бизнес өкілдерінің мемлекет пен қоғамға көмектесетін күні туды. Бұл автомобильдер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Олар мобильді бригадаларға үйде қабылдау жүргізуге және қажет болған жағдайда науқастарды тасымалдауға мүмкіндік береді, – деді Ерлан Нығматулин.

– Осы қиын-қыстау кезеңде біз медицина саласының қызметкерлеріне қазір қаншалықты қиын екенін түсінеміз және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жедел жәрдем қызметіне елеулі жүктеме түсіп жатқаны туралы мәліметті зерделей отырып, біз жедел медициналық жәрдем машиналарын сатып алуды шештік. Біздің қолдауымыз коронавирустық пандемиямен күресте қоғамның игілігі үшін жарар деп үміттенемін, – деп түсіндірді шетелдік инвестор Давид Кемертелидзе.

– Мұқтаж адамдарға көмек көрсету, жақындарымызға қамқорлық жасау, елге қамқорлық жасау – бұл біздің компаниямыздың, бүкіл ұжымның негізгі қағидаттары. Біздің еліміз осы қиын кезеңді тез еңсеріп, адамдардың қалыпты өмір ырғағына оралуын тілеймін, – деді Жармұхамед Аппаз.

«Лада-Ларгус» базасындағы емханалық бригадаларға арналған машиналар емдеу іс-шараларын жүргізуге, науқастарды тасымалдауға және ауруханаға дейінгі кезеңде пациенттердің жағдайын бақылауға  арналған Испанияда өндірілген Hersill жедел медициналық көмек чемодандарымен жабдықталған. Әрбір жиынтық оттегі баллоны, ауа өткізгіштер, интубациялық түтіктер сияқты өмірлік маңызды құрылғылардан және пациентке алғашқы шұғыл көмек көрсетуге арналған тағы басқа құарлдардан тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айында YDD CORPORATION ферроқорытпа зауытының акционерлері Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппаз төтенше жағдай кезінде мемлекеттің іс-қимылын қолдау үшін құрылған облыстық қорға 100 миллион теңге бөлді, сондай-ақ Қарағанды облысының ауруханаларына коронавируспен ауыратындарды емдеу үшін 100 оттегі концентраторын, пульсоксиметрлер мен «Эноксапарин» препаратын беріп, гуманитарлық көмек көрсетті.

Басқа материалдар

Back to top button