Нұра ауданының Шахтёрское ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталуда. Ғимарат толығымен салынды. Аумақты абаттандыру жүргізілуде. Ауыл тұрғындары үшін қажетті әлеуметтік нысан тамызда ашылады.
– Шахтёрское ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталу сатысында. Жұмыс 99%-ға орындалды. Аумақты абаттандыру және техникалық қадағалау ескертулері бойынша ұсақ кемшіліктерді жою қалды, – деді «Аспап» ӨК төрағасы Төлеген Ашимов. – Менің ойымша, жаңа әлеуметтік нысан ауыл тұрғындарына ҚР Конституция күніне орай тамаша сыйлық болады. Қазір коронавирустық инфекция пандемиясы уақытында денсаулық сақтау саласын дамыту өте маңызды.
Ол облыста осы мәселеге көп көңіл бөлінуін атап өтті. Соңғы жылдары тек осы кооператив ауылдарда жеті дәрігерлік амбулатория салып берді.
Шахтёрское ауылының әкімі Еркін Оспановтың айтуынша тұрғындарға медициналық көмекті жақсарту қажеттілігі туралы мәселе есеп беру кездесуінде көтерілген.
Жұмыс істеп тұрған дәрігерлік амбулатория ғимараты шамамен 20 жыл бұрын «Шахтёрское» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорнының қаражатына салынған. Сол уақыттан бері қаусап тұр және тар бола бастады.
Ауылда мыңнан аса адам тұрады, жаңа АДА ауысымына 20 ауысымға есептелген. Медициналық мекеме қажетті жабдықтармен жасақталады. Гинеколог және стоматолог кабинеттері қарастырылған. Жаңа ғимаратта мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мүдделері де ескерілген, мүгедек арбасында қозғалуға жағдайлар жасалған.
Ғимарат жанында ағаштар мен бұталар отырғызылды. Келушілердің қолайлылығы үшін орындықтары бар қолайлы демалыс аймағы қарастырылған.
Жаңа құрылыс қазіргі дәрігерлік амбулаторияға қарсы орналасқан. Мамандар жұмыс барысын қадағалауда.
– Әрине, ашылуын күтіп отырмыз. Көшуге дайындық үстіндеміз. Кең және қолайлы ғимаратта жұмыс істеу кімге ұнамасын. Бізге жаңа амбулаторияда күндізгі стационар ұйымдастырылатынына уәде берді. Бұл біздің емделушілерімізге қажет. Сонымен бірге, штат ұлғаяды және тар ауқымды мамандарды тарту мүмкіндігі пайда болады, – деп «Ауылға – дипломмен!» бағдарламасы бойынша елордадан Шахтёрское ауылына келген дәрігерлік амбулаторияның медбикесі Айнұр Қаирбек ойымен бөлісті.