Жаңалықтар
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік онлайн-концерттерін қайта бастады
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік 3 тамыздан бастап концерттердің онлайн-трансляциясын қайта бастады.
«Құрметті біздің көрермен достарымыз! Біз 3 тамыздан бастап концерттердің онлайн-трансляциясын қайта бастаймыз. Сіздердің назарларыңызға тамыздың бірінші аптасында музыкалық бағдарламалардың күнтізбесін ұсынамыз.
Бізбен бірге қалыңыздар! Сіздердің назарларыңыз бен қолдауларыңызға қуаныштымыз!» – деп концерттік бірлестіктің әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында жазылған.
Концерттер кестесін http://karfil.kz сайтынан және бірлестіктің әлеуметтік парақшаларынан көруге болады.