Темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауға қатысты шектеу шараларын енгізу туралы
13 мамырдағы Ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішіндегі жолаушы пойыздарының қатынауын кезең-кезеңмен қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда жалпы алғанда 93 жұп пойыз қозғалысы қайта қалпына келтірілді.
Алайда, 2 шілдеде елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды.
Атап айтқанда:
1 шілдеден бастап:
— №19/20 Нұр-Сұлтан — Атырау;
— №95/96 Нұр-Сұлтан — Орал;
— №701/702 Нұр-Сұлтан — Алматы коммерциялық пойыздарының жүруі уақытша тоқтатылады.
Анықтама: Нұр-Сұлтан — Алматы және Нұр-Сұлтан — Орал бағытында альтернативті коммерциялық пойыздар (№705/706 Алматы — Петропавл және №51/52 Алматы — Орал) және әлеуметтік маңызы бар пойыздар қатынайды; Нұр-Сұлтан — Атырау бағытында альтернативті әлеуметтік маңызы бар пойыз жүреді.
Әлеуметтік маңызы бар поездар бойынша 5 шілдеден бастап уақытша:1. №321/322 Алматы-Сарыағаш жолаушылар пойызы тоқтатылады.
2. Жолаушылар поездарының жүру мерзімділігі қысқарады:
— № 3/4 Алматы — Нұр-Сұлтан Бір күн сайын (күн сайын);
— № 31/32 Алматы — Павлодар бір күнара (бұрын күн сайын жүретін);
— № 67/68 Нұр-Сұлтан — Өскемен күнара (бұрын күн сайын жүретін);
— № 257/258 Нұр-Сұлтан — Достық аптасына бір рет (аптасына екі рет жүретін).
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.