Коронавирус

Қарағанды облысының ауылдық ауруханаларына медицина жабдықтарын сыйлады

«ХИОКНУР» ЖШС, «Зекет» және «Көкбөрі Керней баба» қорлары, сонымен бірге Шет, Ақтоғай, Қарқаралы және Бұқар-Жырау аудандарының кәсіпкерлері Қарағанды облысындағы ауылдық ауруханалар үшін 5,5 миллион теңгеге медициналық жабдық сатып берді.

«Әнет баба» мешітінде 1 қыркүйекте оны медицина мекемелерінің өкілдеріне тапсырды. Іс-шара Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына арналған 30 игі істері шеңберінде өтті.

– Біз 32 оттегі концентраторын, 65 оттегі қапшығын, 50 пульсоксиметр, 40 инфрақызыл термометрлері мен медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш құралдарын сатып алдық. Мұның барлығы ауылдық дәрігерлік амбулаторияларға, Ақсу-Аюлы, Ағадыр, Доскей, Нүркен, Қарабұлақ және басқа ауруханаларға берілді. Қорлардан басқа, бізге осы аудан бизнесмендері де көмек көрсетті, – деді «ХИОКНУР» ЖШС құрылтайшысы және директоры ​ Мейіржан Абзалұлы.

Басқа материалдар

Back to top button