Парацетамол орнына ішуге болатын 33 түрлі дәрі бар

Бұл туралы ҚР Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Министрдің айтуынша елімізде құрамында парацетамол бар 33-ке жуық дәрілік препарат бар екен. Дәріханаларда олар сатылып жатыр. Ал, парацетамолды қымбаттатып сатқандарды құзыретті органдар тексеретін болады.

Кеше Нұр-Сұлтандағы дәріханаларға 70 мың дана парацетамол жеткізілді. Тұрғындар жарты сағатта бұл препараттарды сатып алды. Қазір интернетте бұл препараттарды қымбат бағамен сатуда. Қалада парацетамол керек дейтіндей осыншама пациент жоқ. Тұрғындар дене қызуы көтерілмесе де, қажеттілік болмаса да, осы дәріні көптеп сатып алуда, – деді Алексей Цой.

Салтанат ІЛИЯШ.