КоронавирусРесми

Пневмониямен тіркелген науқастар саны 55,4%-ға артқан

Өткен жылмен салыстырғанда бірінші жарты жылдықтың өзінде пневмониямен ауырғандар 55,4%-ға артып, 98 546-ға жеткен.

Салыстырмалы түрде қарасақ, биылғы жылдың маусымында 32 724 жағдай тіркелсе, 2019 жылдың маусымындағы көрсеткіш небары 7 964 адамды көрсетіп отыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бүгінгі күні коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 101-і қайтыс болған. Ең көп орын алған патология – жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары – 47,5%, эндокриндік – 25,7%, тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары – 12,8% және тағы сол сияқтылар.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button