Жасырын той жақсылыққа апармайды

Елімізде індет ушығып тұрса да бетперде кию тәрізді қарапайым талаптардың сақталмайтыны жасырын емес. Қанша жерден тыйым салынғанымен, той тойлап, отбасылық мерекелер өткізіп жатқандар да қаншама.

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осы мәселені де тілге тиек етті.

«… вирустың ел ішіне кеңінен таралуының негізгі себептері бар. Бұл ескертуге құлақ аспаудың салдары десем артық емес. Әлемде 10 миллионнан астам індет жұқтырып, 500 мыңнан астамы қайтыс болса да, елімізде тығылып той тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар жоқ емес. Мысалы, той жасауға артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн сияқты шаралар толып жатыр» деген Ералы Лұқпанұлы осындай шарадан кейін кем дегенде 20-дан астам адамның ауруханаға түсіп, тіпті, қайтыс болғандары бар екенін де жеткізді.

Салтанат ІЛИЯШ.