Карантин бұзғандар айыппұлдан құтылмайды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ 5 шілдеден енгізілетін қатаң карантин режимін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшерін атады.

Карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш (83,3 мың теңге) көлемінде, ал, кәсіпкерлік субъектілеріне 230 айлық есептік көрсеткіштен (639 мың теңге) және одан да жоғары көлемде айыппұл салынады. Сәйкес нормативтік-құқықтық акт осы аптада қабылданады, – деді Ералы Тоғжанов ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Салтанат ІЛИЯШ.