Облыс әкіміРесми

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары, қадірлі металлургтер!

Барлықтарыңызды алғашқы қазақстандық шойын алынған мерейтойлық датамен және кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Осыдан 60 жыл бұрын металлургиялық комбинаттың даңқты тарихы басталып, бірінші леткадан алғашқы қазақстандық шойын құйылды. Бұл 1960 жылдың 3 шілдесі Қазақстан Магниткасының туған күні еді.

Елімізде металлургиялық кәсіпорындар көп болғанымен Теміртау қаласы ғана «Қазақстан Магниткасы» деп аталады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз естеліктерінде Теміртауды өзінің бесігі, ал металлургияны өзінің басты университеті деп атайды. Бұл жер Елбасымыздың Еңбек Отаны болып табылады. Қазақстан Магниткасында үлкен өмір мектебінен өткен Елбасы жұмысшылардың еңбегіне әрдайым құрметпен қарайды.

Бүгінде қала құраушы ірі кәсіпорын болып табылатын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатында еңбек етіп жатқан металлургтердің кейінгі легі даңқты еңбек дәстүрлерін жалғастырып келеді.

Қазіргі уақытта мұнда жаңа, ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Жаңа технологиялар енгізіліп, ауқымды жаңғырту жүргізіліп, жоғары шеберлікке негізделген тәлімгерлік мектебі сақталуда. Осы ретте комбинаттың барлық ұжымына мықты денсаулық, апатсыз жұмыс және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді тілейміз. Сондай-ақ, өз өмірін Қазақстан металлургиясын дамытуға арнаған еңбек әулеттеріне ерекше құрметімізді білдіреміз.

Орталық Қазақстанның қара және түсті металлургиясын дамытуға қосқан үлесі үшін ардагерлерге, металлургтерге шексіз алғысымызды білдіреміз.

Барлық металлургтерге зор денсаулық, бақыт және амандық, елімізді өркендетуде жаңа табыстарды тілейміз.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button