2021 жылдың қаңтар айынан бастап елімізде мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға көбейеді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті.
«Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым» , – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Президент ұстаздар жалақысы алдағы уақытта да арта беретінін атап айты. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда 1,2 трлн теңге бөлінбек.