ЖаңалықтарРесми

Желіде 600 білім беру алаңы қазақстандықтар үшін тегін болады

Желіде пайдаланушылар үшін 600 білім беру алаңы тегін болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а., бірінші вице министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

– Білім беру платформалары үшін біз Қазақстанға тек серверлерді ғана «әкелген» жоқпыз, сонымен бірге республикалық интернет-желісіне жүктеме барынша аз болатындай орналастырдық. Яғни біз серверді оқшауладық. Отандық платформалардың бірі – Bilimland. Онымен көптеген әкімшіліктер шарттар жасасады, сондықтан оның серверлері 10 data-орталықта орналасқан. Бұрын барлығы Алматы арқылы өткен, бұл ұйымда трафиктің, ресурсқа қолжетімділіктің қиындығын тудырды, – деді Бағдат Мусин онлайн-эфирде. – Білім беру платформаларына дұрыс бағыттауға және баптауға көмектестік.

Министрдің м.а. өткен оқу жылының төртінші тоқсанында операторларымен тегін қолжетімділік берілген 380 интернет-ресурс болғанын мәлімдеді.

– Бұл жолы БҒМ ұсыныстары бойынша балалардың дамуына әсер ететін 600 білім платформалары мен алаңдары жұмыс істейді. Оларға тегін қолжетімділік бердік. Яғни, сіздің сим-картаңызда бар кез келген тариф жоспарында, егер сіз осы 600 сайттың кез келгенінде табылсаңыз, сіздің тариф есептелмейді, – деп тұжырды Бағдат Мусин.

inform.kz.

Басқа материалдар

Back to top button