Ресми

Оқытудың дәстүрлі тәсіліне көшудің тәртібі әзірленеді

Мектептерді білім берудің дәстүрлі тәсіліне көшіру – өзекті мәселе. Мемлекет басшысы өз Жолдауында осы мәселеге арнайы тоқталып, Үкіметке тапсырма берді.

«Сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент Үкіметтің қашықтан оқыту жұмысын ұйымдастыруда қателіктер жібергенін атап айтты.

«Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет» деді Қ.Тоқаев.

Басқа материалдар

Back to top button