Жаңалықтар

Білім – болашақтың бағдаршамы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы балқаштықтарға ерекше серпін берді. Оның өзі қабылдаған шешімдердің жүйелілігін және олар үшін нақты жауапкершілікті сезінетіндігін көрсетеді. Сонымен қатар, Қазақстан қоғамының өткір саяси мәселелерді талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін сөз етті.

Президент Жолдауында мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақ мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынып отыр. Осы Жолдаудың ең салмақты тұстарының бірі – білім саласы. Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажеттігін қадап айтты.

Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды қуаттай түсті. Биылдан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға өсіруді тапсырды.

«2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға арттыру туралы шешім қабылдадым. Одан кейінгі уақытта да жалақы кезең-кезеңімен өсетін болады», –деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қойып отырған жалпы балаға білім беруден әрбір балаға сапалы білім беруге көшу міндетін абыроймен орындауымыз қажет. Карантиндік жағдайға қарамастан мектептегі сабақтар жаңаша ұйымдастырылып, мұғалім мен оқушының ой бөлісу алаңына айналатын болады. Біз ұстаздар қауымы Президент жүктеген тапсырманы жүзеге асыруға күш салып, алған білімін тиянақты етуіне қол жеткізетінімізді айтқым келеді.

Саягүл ТҰРАРҚЫЗЫ,

16 мектептің директоры.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button