Қарағанды

Оңтүстік-Шығыста су жоқ: магистральді жөндеуге қараңғылық кедергі болды

Бүгін Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде ауыз су жоқ. Себеп №23 магистральда апат болып, желі істен шықты. Бұл туралы кеше «Қарағанды Су» ЖШС хабар таратты, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі. 

Суреттер «Қарағанды Су» баспасөз қызметінен

«5 қыркүйек күні кешке диаметрі 630 мм-лік №23 су тарату магистраліндегі полиэтилен құбыры жарылды. Оқиға орында «Қарағанды Су» ЖШС бригадасы жөндеу жұмыстарын 16 қыркүйек күні сағат 9.00-24.00 аралығында жүргізеді. Аталған жұмыстарға байланысты Оңтүстік-Шығыста ауыз су болмайды» делінген хабарламада.

Хабарлама жұрт арасында қызу талқыға түсті. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде судың күні бойы болмайтындығына емес, жөндеу шараларының таңертең 9-да басталатынына реніш білдірген-ді. №23 магистраль жаңа Оқушылар сарайының сыртымен өтеді екен. Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсел Сәдуақасова атап өткендей, апат сарайдың артында орын алыпты. Ал, жөндеу жұмыстарын кеше кешке басталмауының себебі – қараңғылық кедергі келтірген. Коммуналшылар құбырдың нақты қай жерден жарылғанын таба алмапты. Қазір апат орнында жұмыс басталып кетті.

Басқа материалдар

Back to top button