Спорт

Жерлестеріміз жарады

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы премьер-лиганың үшінші турындағы кездесуде өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдады. Тартысқа толы ойында жерлестеріміз 0:1 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесінде 6 ұпаймен 4 орынға тұрақтады.

Ойын басталысымен алаң иелері басымдыққа ие болды. Алайда, бірінші тайм аяқталғанша таблодағы есеп еш өзгеріссіз тұрды. Тек екінші таймның 65-ші минутында «Шахтерліктер» қарсыластарының қақпасына бір гол тоғытып, алға шықты. Гол авторы – Жереми Манзоров. Ол оң қапталдағы қорғаушыны алдап өтіп, қақпашымен бетпе-бет келген оңтайлы мүмкіндігін мүлт жібермей командаластарына жеңіс әкелді. Алаң иелері ойын соңына дейін есепті қанша теңестіруге тырысса да қарсыластарының шебін бұзып өте алмады. Өз алаңында есе жіберген ордабасылықтар турнир кестесінде 7 орында 4 ұпаймен тұр.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button