Ресми

Жұмыс кеңесі өткізілді

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қарағанды қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімі мүдделі қызметтермен өзара іс-қимыл жасай отырып Қарағанды қаласының кәсіпкерлерімен «Бөтеннің мүлкін ұрлауды алдын алу» тақырыбында жұмыс кеңесі өткізді.

Кездесуге Қарағанды қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Е.Ақылбеков, ПБ бастығының орынбасраы полиция полковнигі Ш.А.Салин, Қарағанды қаласының аумақтық полиция бөлімдері бастықтарының бірінші орынбасарлары, ЕБҚІҚБ, КПБ, ЖПҚБ және ЖБО бастықтары қатысты.
Сонымен қатар кездесуге Қарағанды қаласының сауда үйлерінің қауіпсіздік қызметінің басшылары, қалада жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын автопарк өкілдері, ЖШС иелері шақырылған болатын. Кездесудің алғашқы сөзі Қарағанды қаласының ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Е.Ақылбековке берілді. Полиция полковнигі қаладағы өршіп тұрған бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарына атап айтсақ қалта, пәтер ұрлықтарына тоқталды. Және тек полиция мен халық арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық болған жағдайда ғана қылмысқа қарсы тұра алатынымызды тілге тиек етті. Кездесуге келген қонақтар өздерінің кәсіптерінде заң бұзушылықпен бетпе-бет келген жағдайда, туындаған мәселелер бойынша заң өкілдеріне сұрақтарын қойды. Жұмыс кеңесі барысында Қарағанды қаласының ПБ бастығының орынбасраы полиция полковнигі Ш.Салин Қарағанды қаласының аумағындағы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының ахуалына тоқтала кетіп, жалпы қылмыстың орын алуына көп жағдайда адамдардың мүлкінің ұрлануына олардың өз мүліктеріне салғырт қарауы, уақтылы орын алған қылмыс бойынша полицияға хабар бермеу, жалдамалы сатушылардың сауда орнын қараусыз тастап кетуі, бутиктерде бейнежазба қондырғысының болмауы себебінен болатынын түсіндіріп берді. Сонымен қатар жұмыс кеңесіне арнайы шақырылған қонақтарға жарнамалар және жарнама сипатындағы материалдарын таратылды. Кәсіпкерлер кездесуде өздерін толғандырып жүрген көп мәселелерді ортаға салып, ойларымен бөлісті. Заң бұзып жаза басқандар жазадан құтылмасы анық, алайда әр адам өз мүлкіне бейқамдық танытпай, жауапкершілікпен қарап жатса бірталай қылмыстардың алдын алуға болатынына сеніміміз мол.
Нағима Әшімқызы,
Қарағанды қаласының ПБ.

Басқа материалдар

Back to top button