Архивы Қуатбек - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Қазақтың тұңғыш жазушысы – Абай
Иә, қазақ прозасының тұңғыш өкілі – Абай. Осы уақытқа дейін Шәкәрімнің туындысы делініп келген «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» – ұлы ақынның төл шығармасы. Бұл әңгімені Шәкәрімдікі деуінің бір себебі, «Дала уәлаяты» газетіне жарияланған туындыға автордың «Ұмтылған» деп қол қоюында болып отыр. Шәкәрімнің «Ұмытылған» деген бүркеншік есімімен шатастырып отырса керек. Ал, «Ұмтылған» деген «ізденуші», «талаптанушы» деген мағынаны берсе, «Ұмытылған» (дұрысында, «Мұтылған») «ескерусіз қалған» деген түсінікке саяды. Барлығын басынан бастасақ…

Қазақ прозасының іргетасын Абай қалады деуге үлкен негіз бар. Мұхтар Мағауиннің 1989 жылы жазған «Абайдың белгісіз әңгімесі» атты дүниесін оқысаңыз, ойыңыз өзгерер еді. Аталмыш мақалада Мұхтар Мағауин «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» Шәкәрімдікі емес, Абайдікі екенін толық дәлелдеп шыққан. Бірақ, сол уақыттан бері ескерусіз келеді. Бұл туынды Абайдың кітабына неге енбеді? Абайтанушылар бұған неге назар аудармай отыр? №1 абайтанушы Мекемтас Мырзахметов ағамыз қайда қараған? Бәрі бұлыңғыр.

Ал, енді, дәлелге көшсек. «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» атты хикая 1892 жылы «Дала уәлаяты» (№29, №31-32, №34-40) газетінде жарық көрген екен. Абайдың көзі тірісінде. Хикая Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек турасында. Әдебиетшілердің бұл хикая Шәкәрімдікі деуінің тағы бір себебі – «Жолсыз жаза» поэмасы. Яғни, бұл поэмада «Еңлік-Кебек» ғашықтық хикаясы баяндалады. Мұхтар Мағауин: «Араб жазуының кілтипаны көп, әңгіме авторы «Ұмытылған» болған күннің өзінде, бұл 1892 жылы 34 жасқа жаңа шыққан Шәкәрімнен гөрі, сөз өнерінің асқар биігіне жеткен, алайда «қалың елі қазағына» әлі таныла алмай, тар қапаста күңіреніп отырған Абайға көбірек үйлеседі» – дейді. Мұнысы логикалық байламнан гөрі, шынайы тұжырамға келеді. Өйткені, жазушының қалыптасуы, жетілуі Шәкәрімнен гөрі, 47 жастағы Абайға тән. Әрі қарай кеттік. «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр» оқиғасынан бұрын бірінші бөлімде Шыңғыстау өңірінің тарихи-этнографиялық сипаты баяндалады.

Хикаядан үзінді келтірсек: «Солардың айтуларынша, қазақтың жүріп-тұру шаруасы бұрынғы заманда осы күнгіден артық екен. Мәзікүр бишара шалдар өздерінің балаларына, ұрпақтарына қасіреттеніп айтып отырады: «Осы күнде білімді, ғылымды халық- тармен араласқан соң, қазақ халқы бұзылды және күн де бір түрлі болды – қыс қатты болатын болды, бұрынғы заманда мұндай емес еді». Әрі қарай Абай экология, жағрапия және тарих турасындағы әңгімелерді қозғайды. «Бұл ретте біз автордың үлкен ойшыл ғана емес, жай ғана ғұлама емес, еуропалық білімді еркін игерген оқымысты екенін көреміз» – деген тұжырымға келіп отыр Мұхтар Мағауин. Одан әрі «Еңлік-Кебек» оқиғасы суреттеледі. Ал, «Қалқаман-Мамыр» оқиғасы туралы шағын ақпар ретінде жазылған екен. «Қалқаман-Мамыр» оқиғасы көпке белгілі поэмадан мүлде өзгеше сипатта. Біріншіден, бұл оқиға Кеңгірбай заманында әрі «Еңлік-Кебек» трагедиясынан көп кейін болады. Қалқаман – Кеңгірбайдың өзінің ағайыны, Мамырдың аты аталмайды, Қалқаман, әйтеуір, бір қызды алып қашады. Бар шатақ жесір дауынан туындайтын сияқты. Кеңгірбай екі ел арасындағы барымтаны тоқтату үшін Қалқаманды атқа мінгізіп қойып, дұшпандарынан бір мерген шығарып атуға бұйырады. Оқ тимей, аман қалған Қалқаман аға- йындарына өкпелеп, Бұхараға кетіп қалады. Қыз тағдыры туралы ешқандай дерек жоқ. Автор Қалқаман жөніндегі ел әңгімесін шала білді немесе саналы түрде бұрмалады деп айту қиын. Аңыздың кейбір нұсқаларында «Қалқаман-Мамыр» оқиғасы «Еңлік-Кебек» оқиғасынан сәл ғана бұрын, бірақ Сыр бойында емес, Баян-Аула төңірегінде болады. Яғни, біз сөз етіп отырған әңгімеде «Қалқаман» оқиғасы толық болмаса да (қыз бен жігіттің ағайындастығы туралы деректі автордың бүгіп қалуы занды), әуелгі шындық қалпына жақын үлгіде мазмұндалатын сияқты. Сонымен қатар, бұл – кездейсоқ, бөгде эпизод емес. Дербес жүк арқаламағанымен, алдыңғы трагедияны бедерлей түсу, оған үстеме рең беру үшін енгізілген көрініс, – дей келе, – хикая авторының өз заманынан озған білімдарлығы туралы айттық. 1892 жыл қарсаңында тек Шыңғыстау өңірі ғана емес, бүкіл қазақ даласында мұндай өреге жеткен жалғыз Абай болатын. Шәкәрімнің әлі жас, таланты толысса да, білімі толықпаған, батысты тануға енді ғана бет қойған, негізінен, шығыс әдебиетіне үңіліп жүрген кезі. Тарих, социология, экология, этнография – адам қоғамының даму зандылығы туралы толғамдар бұл кезеңде Абай бойына ғана шақтасар сипат, – деген тоқтамға келеді Мағауин. Хикая авторы Еңлікті Нысан Абыздың елесі арқылы былай суреттейді: «Ұзын бойлы, ақ киіктей, шашы қарғаның қанатындай қара, маңдайы жазық, көзі қара һәм өткір…». Ал, Шәкәрімнің поэмасындағы Еңлік «биік қабақ, сұрлау қыз» ғана екен. Екі туындыда Еңлік образы екі бөлек. Демек, «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» хикаясын жазған Шәкәрім емес деуге толық негіз бар. Жанды портрет жасауда Шәкәрімнен гөрі, Абайдың шеберлігі басым. Мысалы, хикаядағы Нысан Абыз «түсі суық, қарт кісі» болса, поэмада абыздың жас мөлшері туралы бірде-бір сөз жоқ.

«Хикаяда Кебектің Нысан Абыз балынан соңғы көңіл толғанысы батыс прозасына тән үлгіде, табиғат суретімен астас берілген: «Айтқандарынан ешбір қорықпай, жай үйіне қайтыпты. Сол уақытта әр түрлі ой түсіп, көңілі босап, ақырын ілбіп отырды дейді. Сонда, Кебектің көңіліндегі қасірет кетіп, көкірегі ашылғандай болды дейді. Маңайына қараса, биік жартас, қалың орман-ағаш һәм сарқырап ағып жатқан бұлақ дейді. Сонда Кебек батыр ойлады дейді: «Менің ғұмырым да осы дүниемен бірдей-ау, – деп. – Мына жартас болса, бір қалыппен тұратын дүние; самсап тұрған орман өткен ғұмырға ұқсас, ағып жатқан су өтіп бара жатқан өмір ғой» – деп. Жастықта адам ой ойлаушы болады ғой». Ал, қыздың өзімен кездескен кезінде абыз сөзі есіне түссе де, өлім туралы мүлде ойламайды. Поэмада Кебек қатал тағдыр туралы болжам шымбайына батқанмен, «жынның сөзін» қолма-қол ұмытып кетеді; Еңлік- пен алғаш кездескен сәтінде де ойына ештеңе оралмайды. Тек ертеңіне, қызбен тағдыры қосақталған соң, абыз айтқан қара жартасты көргенде ғана бәрі есіне түседі; қатты толқығанмен, тез бекінеді. Бұл арада қара жартас – шартты белгі ғана; құз кейпі немесе өзен, тоғай реңі – ешқандай жанды бояу жоқ» – дейді Мағауин тағы бір жолында. «Шәкәрім – табиғат суретіне зер салмаған жазушы, «Жолсыз жазада» ғана емес, бүкіл Шәкәрім творчествосында пейзаждың кейбір элементтері ғана ұшырасады. Бұл – бүкіл классикалық шығыс поэзиясына тән сипат. Ал, ба- тыс пен шығысты тел емген, бейнелеу тәсілдерінде орыс және Еуропа классикасын үлгі тұтқан Абай қазақ әдебиетіне (бүкіл шығыс поэзиясына) пейзаждық лириканы енгізген бірінші суреткер болып табылады» – деп аяқтайды ойын. Абайдың «Қара сөздеріне» зер салып отырсаңыз, хикаяның стиліне келеді. Мысалы, «Үшінші сөзде»: «Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады», – деп». «Өтірік, көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындалып қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін» (Сонда). «Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын» («Төртінші сөз»). «Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, өлер кезде әттеген-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды-ау деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге» («Тоғызыншы сөз»).

P.S. Бұл туралы сол кезде елең етпеген қазақ қазір елең ете ме екен?

Ерболат ҚУАТБЕК.

Сообщение Қазақтың тұңғыш жазушысы – Абай появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

«Балаңа балық берме, қармақ бер»
XXI ғасырда өмір сүріп жатыр­мыз. Зымыраған уақыт, зулаған технология, миллиондаған ақпарат тасқыны. Иә, еліміз күннен-күнге да­ мып келеді. Заманауи технологиялар барлық саланы қамтуда. Алайда, осы тұста алаңдатар бір мәселе бар. Жа­сыратын түгі жоқ, қаншама жасқа кел­сек те, көбіміз компьютермен жұмыс істеуді жетік біле қоймаймыз…

Әр үйде оқыған, көзі ашық бір адам болады. Соның маңдайының соры – бес елі. Бәрін соған міндеттеп қоя­мыз. Анықтама толтыру болсын, заңнама тұрғысынан болсын, біреуге поштамен хат жіберу болсын, тіпті, телефонымыздың даусы шықпай қалса да соған қоңырау шаламыз.

Бұл, әрине, дұрыс емес. Еш нәр­сенің кештігі жоқ. Қартайғанда уни­верситетке түсіп жатқан аға-апала­рымызды да көз көрді. Неліктен біз бойкүйездік пен жалқаулыққа бой алдырдық?! Жетіспейтін білімді то­лықтыруға талпынудың орнына, жантайып алып теледидар көреміз, қалаберді карта ойнаймыз. Уақытты босқа өлтіреміз. Пайдасыз нәрсемен айналысамыз.

Сосын, жеме-жемде қолымыздан бір дүниені жасау кел­мей жатса, Құдайға өкпемізді ай­ тамыз «Не жаздым сонша?!» деп. Мұнда Құдайдың еш кінәсі жоқ. Бар гәп өзімізде. Құдай бізге бәрін беріп қойған. Тек, өзіміз соны дамытып, жетілдіріп, пайдалана алмаймыз. «Адам адамнан білімімен, ақылымен ғана оза алады» деді Абай. Ал, біз әлі жүрміз. Өйткені, ойланғымыз келмейді, миымызды ашытқымыз келмейді. Біз үшін ойланатын, бас қатыратын бір адам бар. Әлденені түсінбесек, соған хабарласамыз. Не­ге ол адам сіз үшін ойлануы керек? Ол адамнан сіздің қай жеріңіз кем?..

Бір көрші жеңгей бар-тын, техникаға, құжатқа байланысты сауалы болса, үнемі сұрап жүретін. Мен де бетін қайтармайтынмын «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» деп. Сол кісі бір күні «Бұқар жырау туралы мәлімет ке­рек» деп хабарлама жазып жіберіпті.

Бұл не? Басыну ма, жоқ әлде өзімсіну ме? Амандық сұраспай, осылай жа­ зуға бола ма? Бұл мәдениетсіздік дер едім. Ешкімнің ешкімге өткізіп қойғаны жоқ қой, тіпті, туысың бол­ са да бұлай басынуға хақы жоқ…

Ғаламторға кіріп, іздегенінің ата­уын жазып қалса, самсап тұр емес пе? Өзімді жек көріп кеттім сол сәтте. Бетін қайтармай, жаман үй­реткен екенмін. Әбден мойны­ма мініп алыпты.

«Балаңа балық берме, қармақ бер» деген сөз өте дұрыс айтылған екен. Менің ойыммен көп адам келісері анық. Арасында «жоқ» деп бетін қай­ тарып тастаудың да пайда­сы бар екен. Әр нәрсені орны­мен жасамай жаман үйретсең, өмір бақи жүргенің сорлап…

Бұдан шығар түйін: заманға икемде­летін уақыт жетті! Қашанғы біреуге сеніп жүрмексің?! Уақытты бос­қа жібермей, өзіміз білмейтін дү­ниелерді үйренейік. Барлығы өзі­міз үшін, ұрпағымыз үшін керек. Осындай икемсіз, үнемі біреудің көмегімен өмір сүретін бізді көріп өскен ұрпақтан не үміт, не қайыр?!

Олардың да масылдыққа бой ал­дырмасына кім кепіл?.

Ерболат ҚУАТБЕК,

Life09 ақпараттық агенттігінің бас редакторы.

Сообщение «Балаңа балық берме, қармақ бер» появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.