Архивы Тоқаевтың руы кім? - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім?
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген. Ол жалайыр руынан шыққан Алматының тумасы. Әкесі – белгілі жазушы Кемел Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев 17 жасында, яғни 1970 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түсуге шешім қабылдайды. Ал 5-ші курста оқып жүргенінде ол КСРО-ның Қытайдағы Елшілігіне жарты жылдық диплом алдындағы тәжірибеге жіберіледі.

Сурет akorda.kz

1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітіріп, кейіннен тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдардың докторы атанды.

Қасым-Жомарт Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігінде кезекті референт ретінде де жұмыс істеді. Содан кейін – КСРО-ның Сингапурдағы елшілігінде қызмет етті. Тоқаев осы бағыттағы жұмысын болашақта да жалғастырды. Оның саяси мансаптағы қадамдары бірінен-бірі өзгере түсті.

Сол жылы Қасым-Жомарт Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Және келесі жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып бекітілді. Ал 1994 жылы сол министрлікті басқарды. Сондай-ақ, 1999 жылдың наурызында Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалып, сол жылдың қазан айында Үкіметті басқарды.

Бірақ, Тоқаев 2002 жылғы қаңтарда отставкаға кету туралы өтініш береді. Кейіннен оны сыртқы істер министрінің Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындады. Тоқаев онда 2007 жылға дейін жұмыс істеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрінің басшысы ретінде ядролық қаруды таратпау процесінде белсенді рөл атқарды.

Ал 2007 жылы Тоқаев Қазақстан Республикасының Сенат төрағасы болып сайланды. Келесі жылдың өзінде ол ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті болды. Содан кейінгі жылдарда Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының Қарусыздану жөніндегі Конференциясының жеке өкілі болып үлгерді.

Айта кету керек, Тоқаев 2007 жылдың маусымынан бастап «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының және «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі болды. Тоқаевтың Қазақстанның саяси құрылымына деген көзқарасы мынадай: «Мықты президент, беделді парламент, жауапты үкімет». Ол бұл туралы 2014 жылғы 24 қарашада Астана қаласында өткен парламенттік конференцияда мәлімдеген болатын.

Өмір бойы Қазақстанға аянбай еңбек етіп келе жатқан Тоқаев осы уақытқа дейін көптеген марапаттар алды. Дәрежесі өсті. Ол «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көштбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев», «Парасат», «Отан» ордендерімен, сондай-ақ Ресейдің «Достық» орденімен, Украинаның «III дәрежедегі Ханзада Ярослав Данышпан» Украин ордендерімен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстанның жаңа президенті Ресейдің өмірбаяндық қоғамының нұсқасы бойынша «Жыл адамы – 2018» лауреаттарының тізіміне енген болатын.

Тоқаевтың құрметіне тіпті «БҰҰ қағидаттарына адалдығы мен бейілділігін және БҰҰ-ның Қазақстандағы соңғы 15 жылдағы жұмысына баға жетпес үлес қосқаны үшін алғыс білдіреміз» деп алғыс жазылған тақта орнатылды.

Сондай-ақ, ол халықаралық қатынастар мәселелері бойынша Қазақстанда және шетелде жарияланған алты кітаптың және көптеген мақалалардың авторы.

Айта кетсек, Қазақстанның ең мықты дипломаттарының бірі саналатын Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде еркін сөйлей алады және француз тілін де біледі. Отбасы туралы айтар болсақ, жұбайы Надежда Тоқаева Давыдовна екеуінің 1984 жылы туған Тимур есімді ұлы бар.

Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Тоқаев 2018 жылы маусым айында “Би-Би-Си” арнасындағы Hardtalk бағдарламасының жетекшісіне берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылғы президенттік сайлауға қатыспайтыны туралы өз ойын айтқан болатын.

Ал, 2019 жылдың 19 наурызында ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешімімен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев парламент спикері ретінде келесі президенттік сайлауға дейін мемлекет басшысы міндетін атқаратын болды. 2019 жылы Парламенттің бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, ресми түрде Қазақстан Президенті қызметіне кірісті.

Мұнымен қатар, 2019 жылдың 9 маусым күні Exit-poll нәтижелеріне сәйкес, “Нұр Отан” партиясының атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев 70% көрсеткішпен жеңіске жетті. Артынша ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Оның нәтижесі бойынша, Тоқаев 70,76% дауыс жинады. Яғни, оған 6 504 054 қазақстандық дауыс берді.

Дереккөз: Stan.kz

Сообщение Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім? появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.